Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Астық туралы

Астық туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Ст. 1 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143



 Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (02.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

2) азық-түлiктiк астық - тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық;

2-1) ақпараттық жүйенің веб-порталы – интернет желісінде орналастырылған, тізілім деректеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

3) алынып тасталды - ҚР 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен;

3-1) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (02.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4) астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшiн пайдаланылатын дәндi, дәндi-бұршақ және майлы дақылдардың өнiмдерi;

5) астық иесi - астық қабылдау кәсiпорнына сақтауға астық берген жеке немесе заңды тұлға;

6) астық қабылдау кәсiпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншiк құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бар заңды тұлға;

7) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) - астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық ғимарат;

7-1) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет – астық қабылдау кәсіпорындары астық сақтау бойынша жүзеге асыратын қызмет;

7-2) астық қолхаттарын тіркеуші – (бұдан әрі – тіркеуші) – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, бағалы қағаздар нарығында жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

7-3) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – белгілі бір уақыт сәтінде астық қолхаттарын ұстаушыларды сәйкестендіруді, астық қолхаттарымен мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін астық қолхаттары мен оларды ұстаушылар туралы мәліметтер жиынтығы, сондай-ақ олардың айналымына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға тіркелген шектеулердің сипаты және ақпараттық жүйеде көрініс тапқан өзге де мәліметтер;

7-4) астық қолхаттарының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – астық қолхаттары мен оларды ұстаушылар жөніндегі ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған, тізілімді жүргізудің автоматтандырылған жүйесі;

9) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесi - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi;

10) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға;

10-1) астық қолхаты – астықтың белгілі бір мөлшеріне меншік құқығын растайтын, құжатсыз эмиссиялы емес бағалы қағаз түріндегі қоймалық куәлік;

11) астық қолхатын ұстаушы – тізілімде тіркелген, астық қолхаты бойынша құқықтарға ие тұлға;

12) астық өндiру - астық өсiруге бағытталған агротехникалық iс-шаралар кешенi;

13) астық рыногына қатысушылар - астықты өндiруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және өткізуге қатысушы жеке және заңды тұлғалар;

13-1) астық рыногының мониторингi - астықты өндiрудi, сақтауды, қайта өңдеудi және сатуды қоса алғанда, астық рыногына қатысушылар жүзеге асыратын астықпен жасалатын операциялар туралы деректердi жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты iс-шаралар жиынтығы;

13-2) астық сапасының паспорты - астық сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың талаптарына және (немесе) келiсiм-шарт талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;

13-3) астық экспорттаушы – астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

13-4) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (02.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

13-5) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктiнде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеудi, кептiрудi, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтудi қамтитын қызмет көрсетулердiң технологиялық кешенi;

14) астықтың өмiрлiк циклi - астықты өндiру, сақтау, тасымалдау, өткiзу, жою және кәдеге жарату процестерi;

17) астықтың сапасы - астықтың стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың, санитарлық, ветеринариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтердiң талаптарына сәйкес келуiн айқындайтын тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;

18) астықтың сапасына сараптама жасау - көлiк құралын (қойманы) зерттеудi, сынаманы iрiктеу мен сынақтан өткiзудi, сапа паспортын ресiмдеудi қамтитын астық сапасының нақты көрсеткiштерiн белгiлеу мен растауға бағытталған шаралар кешенi;

18-1) бұйрық – астық қолхатын ұстаушыға тиесілі астыққа қатысты белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылғанын көрсете отырып, астық қабылдау кәсіпорны немесе астық қолхатын ұстаушы тізілімде қалыптастыратын, ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылатын электрондық құжат;

18-2) жеке шот – тізілімде қамтылған, астық қолхаты бойынша мәмілелерді тіркеу және құқықтарды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;

18-3) жеке шоттан үзінді – бағалы қағаз болып табылмайтын, тіркеуші ақпараттық жүйеде қалыптастыратын және тіркелген тұлғаның белгілі бір уақыт сәтіне астық қолхаты бойынша құқығын растайтын электрондық құжат;

20) жемдiк астық - жануарлар мен құс азығына арналған астық;

21) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (02.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

 21-1) клиент – тіркеушінің қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниетті тұлға;

22) алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 502-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23) алып тасталды - ҚР 09.04.2016 № 502-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

24) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (02.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

25) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (02.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

26) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (02.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

26-1) отандық астық өндірушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және астық өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

27) реттеушi орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаны (тарифтердi) мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

 27-1) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (02.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

28) тұқымдық астық (тұқым) - себу мақсаттарына пайдаланылатын әрi сорттылық және себу сапаларына қарай бөлiнетiн астық;

29) уәкiлеттi орган – құзыретi шегiнде астық нарығына қатысушылардың қызметiн үйлестiруді және реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.12.2015 № 435-V (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз); 09.04.2016 № 502-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 2 3 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1-бап Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143