Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Астық туралы

Астық туралы
25-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының жауапкершiлiгi



Ст. 25 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143




 РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың бірінші абзацының бұл редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтар анықталған, астық қабылдау кәсіпорындарының лауазымды адамдарының осы астық қабылдау кәсіпорны шығарған астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделеріне қауіп төндіретін заңсыз әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған жағдайларда, жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі астық қабылдау кәсіпорнына мынадай жауапкершілік түрлерінің бірін қолдануға:

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға және өндiрiп алуға;

2) алып тасталды - 2006.01.10. № 116 Заңымен.

3) осы Заңның 28-бабында белгiленген жағдайларда астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзуге құқылы.

2. Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi тиiстi лицензиясыз жүргiзген жағдайда, осы операциялардан (қызметтен) түскен табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиiстi бюджетке алынады.

3. Астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу Қазақстан Pecпубликасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.10.13. № 488, 2006.01.10. № 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 09.04.2016 № 502-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...24 24-1 25 26 27 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143