Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Астық туралы

Астық туралы
31-бап. Уақытша әкiмшiлiк



Ст. 31 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143



1. Уақытша әкiмшiлiктi уақытша басқару жөнiндегi комиссия тағайындайды.

2. Астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару қолданылған кезеңде:

1) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiк уақытша әкiмшiлiкке көшедi;

2) құрылтайшылардың (акционерлердiң) астық қабылдау кәсiпорнын басқару жөнiндегi құқықтары тоқтатыла тұрады;

3) астық қабылдау кәсiпорнын басқару органдары мен оның басшы қызметкерлерiнің өкілеттiгi тоқтатыла тұрады;

4) уақытша әкiмшілiкке айтпай және оның жазбаша келiсiмiнсiз астық қабылдау кәсiпорнының атынан және соның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.

3. Уақытша әкiмшiлiк:

1) осы Заңда белгiленген құзыретi шегiнде астық қабылдау кәсiпорны қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша өз бетiмен шешiмдер қабылдауға;

2) астық қолхаттарында көрсетiлген астық көлемiнiң жиырма процентiне дейiнгi мөлшерiнде солардан туындайтын барлық талаптардың қанағаттандырылуын уақытша басқару кезеңiне тоқтата тұруға;

3) астық қабылдау кәсiпорнының ол берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн қалпына келтiруге бағытталған шарттар жасасып, құжаттарға қол қоюға;

4) астық қабылдау кәсiпорнының атынан және оның мүдделерi үшiн өкiлдiктi, соның iшiнде сотта да жүзеге асыруға;

5) астық қабылдау кәсiпорны астық қолхаттарын орындауға кепiлдiк беру қорына қатысқан жағдайда, аталған қорға сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша берешектi бiрiншi кезектегi тәртiппен өтеу туралы талап қоюға;

6) астықтың сақталуына байланысты өндiрiстiк мәселелердi бағалау үшiн тәуелсiз сарапшылар тартуға;

7) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару кезеңiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құзыретi шегiнде бұйрықтар шығаруға құқылы.

4. алып тасталды

Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 200.05.15. № 253 Заңымен.

Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 31-бап Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143