Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Астық туралы

Астық туралы
34-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарын таратудың түрлерi мен негiздемелерi



Ст. 34 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143



1. Астық қабылдау кәсiпорны:

1) кредиторлық берешегi болмаған жағдайда құрылтайшыларының (акционерлерiнiң) шешiмi бойынша өз еркiмен таратылуы мүмкiн. Бұл ретте жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесіне хабарлама жiберiледi;

2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн (мәжбүрлеп тарату).

2. Астық қабылдау кәсiпорындары қызметiнiң тоқтатылуы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасы мен осы Заңның талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 Ескерту. 34-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...33-1 33-2 34 35 36 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 34-бап Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143