Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Астық туралы

Астық туралы
39-1-бап. Астық қолхатын шығаруға қойылатын талаптар



Ст. 39-1 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143



1. Астық қолхаты сапасы бойынша бiр тектес әрбiр астық партиясына шығарылады. Тапсырылған астықтың барлық көлемiне шығарылатын астық қолхаттарының саны тізілімде қалыптастырылатын және астық қабылдау кәсіпорны мен астықтың иесi қол қоятын астық қолхатын шығаруға арналған бұйрықта айқындалады.

2. Астық қабылдау кәсіпорны астықты қабылдаған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде астық қолхаттарын шығарады.

Ескерту. 39-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.10.13 № 488; жаңа редакцияда - ҚР 09.04.2016 № 502-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...38 39 39-1 40 40-1 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 39-1-бап Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143