Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 4 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.10.2018

Астық туралы
4-бап. Астық рыногын мемлекеттiк реттеу нысандары

Астық рыногына қатысушылардың қызметiн мемлекеттiк реттеу: 

1) уәкілетті орган бекiтетiн бiлiктiлiк талаптары негiзiнде астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау; 

1-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу; 

2-1) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) астық қолхаттарының айналысын құқықтық реттеу; 

4) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялық бақылау; 

РҚАО-ның ескертпесі!

4-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

4-1) тармақшаның бұл редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 09.04.2016 № 502-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4-1) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларының сақталуын бақылау; 

4-2) астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызметті бақылау; 

5) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

6) алып тасталды 

7) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қаржыландыру;  

8) алып тасталды  

9) алып тасталды 

10) заң актiлерiнде көзделген өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады.  

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.10.13. № 488 Заңымен, 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 502-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 4 5 6 ...42

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143