Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Темiр жол көлiгi туралы
32-1-бап. Тасымалдау процесіне қатысушыларға және теміржол көлігінің көмекші қызметтеріне қауіпсіздік бойынша қойылатын талаптар

Ст. 32-1 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Тасымалдау процесіне қатысушыларға және теміржол көлігінің көмекші қызметтеріне қауіпсіздік бойынша қойылатын талаптар Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларымен, Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларымен, Поездар қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен, Теміржол көлігіндегі сигнал беру жөніндегі нұсқаулықпен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. 

2. Тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушылар қауіпсіздікті басқару жүйесін әзірлеуге және енгізуге міндетті, оған қойылатын талаптар Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында айқындалады. 

Тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздігін басқару жүйесінің аудитін Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүргізеді. 

3. Жылжымалы құрам осы Заңның, Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларының, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуге тиіс. 

Ескерту. 6-тарау 32-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 494-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...31‑5 32 32‑1 32‑2 33 ...97

Перейти к статье






Добавить комментарий к 32-1-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266