Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Темiр жол көлiгi туралы
33-бап. Жүктердi және объектiлердi күзету



Ст. 33 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторы:

1) тасымалдау кезiнде жүктердiң сақталуын;

2) уәкілетті орган бекiтетiн тiзбеге сәйкес, өздерiнiң қарауындағы темiржол көлiгi объектiлерiнің әскерилендірілген күзетiлуiн;

3) темiржол көлiгiнде өртке қарсы профилактикалық жұмыстың жүргiзiлуiн және өртті жоюды қамтамасыз етуге мiндетті. 

2. Темiржол көлiгiмен тасымалдау кезiнде тасымалдаушы не жүк жөнелтушi жүктердiң тасымалдарын ұйымдастыру туралы шарт бойынша әскерилендiрiлген күзетпен алып жүруге жататын жүктердiң күзетiн уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен қамтамасыз етуге мiндеттi. 

3. Жүк жөнелтушi, жүк алушы тасымалдау ережелерiнде белгiленген тiзбе мен тәртiпке сәйкес жүктердiң жекелеген түрлерiн өз өкiлдерiнiң (жолсерiктердiң) жолбасшылығы арқылы тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттi.  

4. Жүк жөнелтушi, жүк алушы осы бапта көзделген тiзбеге енбейтiн жүктердi күзетудi және оларға жолбасшылық жасауды тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асыра алады.  

5. Темiржол көлiгiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын және қылмысқа қарсы күрестi iшкi iстер органдары қамтамасыз етедi.

Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. N 596; 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...32-1 32-2 33 34 35 ...97 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 33-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266