Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Темiр жол көлiгi туралы

Темiр жол көлiгi туралы
36-бап. Жүк тасымалдау шарты



Ст. 36 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Жүк тасымалдау шартына сәйкес тасымалдаушы жүк жөнелтушi өзiне сенiп тапсырған жүктi оның тасымалдау талаптарын сақтай отырып, баратын темiржол станциясына дер кезiнде әрi сол күйiнде жеткiзiп беруге және жүк алушыға тапсыруға мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi (жүк алушы) жүк тасымалына ақы төлеуге және оны қабылдап алуға мiндеттенедi.  

2. Темiржол көлiгiмен жүк тасымалдау шарты темiржол көлiгi  жүкқұжатын толтыру арқылы ресiмделедi.  

3. Жүк жөнелтушiге темiржол көлiгi жүкқұжатына жөнелту станциясының күнтізбелік мөртабаны қойылған жүктің қабылданғаны туралы түбіртек берiлген кезден бастап жүк тасымалдау шарты жасалды деп есептеледi.

 Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...35 35-1 36 37 38 ...97 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 36-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266