Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 37 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Темiр жол көлiгi туралы
37-бап. Тасымалдау шартының талаптарын өзгерту

1. Тасымалдау шартының талаптарын өзгерту, соның iшiнде жүктiң барар жерiн өзгерту тараптардың келiсiмi бойынша тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.  

2. Кедендiк бақылаудағы жүктiң барар жерiн өзгерту тиiстi мемлекеттік кіріс органының келісімi болған кезде жүргiзiледi. 

Кедендiк бақылаудағы жүктi тасымалдау адамдардың денсаулығы мен өміріне, жүру қауiпсiздiгiне, экологиялық қауіпсiздiкке, жүктiң сақталуы мен сапалық жай-күйiне қатер төндiрген жағдайда, жүктiң барар жерiн өзгерту мемлекеттік кіріс органдарын белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде хабардар ете отырып, олардың келісімiнсiз жүзеге асырылады. 

3. Бұдан әрi тасымалдау жүру қауiпсiздiгi мен жүктiң сақталуына қатер төндiретiн жағдайда, тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi (жүк алушыны) хабардар ете отырып, жүктi қайта тиеуге құқылы.  

4. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар өздерінің құзыретiне сәйкес жүкті тасымалдаушыдан алып қоюға құқылы. Бұл орайда тасымалдаушының жүктi тасымалдау және сақтау жөнiндегi шығыстарын, сондай-ақ оған келтiрiлген зиянды кiнәлi тарап өтеуге тиiс. 

Жүк жөнелтушінің, жүк алушының залалдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен өтеуге жатады. 

Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...35‑1 36 37 38 39 ...97

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться