Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Темiр жол көлiгi туралы
46-бап. Вагондарды, контейнерлердi пломбалау



Ст. 46 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Жүк тиелген вагондар мен контейнерлер: 

1) егер жүктi тасымалдаушы тиеген болса, соның бекiту-пломбалау құрылғыларымен;  

2) егер жүктi жүк жөнелтушi, порт, айлақ тиеген болса, онда жүк жөнелтушiнiң, порттың, айлақтың бекiту-пломбалау құрылғыларымен пломбаланады.  

2. Вагондар, контейнерлер кедендiк жете тексеру үшiн ашылған жағдайда, оларды жаңа бекіту-пломбалау құрылғыларымен пломбалауды мемлекеттік кіріс органдары тасымалдау қағидаларына сәйкес қолдануға рұқсат етiлген бекіту-пломбалау құрылғыларының түрлерiмен жүзеге асырады. 

3. Мемлекеттік кіріс органдары салған бекіту-пломбалау құрылғылары жүк жөнелтушi мен тасымалдаушының бекіту-пломбалау құрылғыларына теңестiрiледi.

 Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...44 45 46 47 48 ...97 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 46-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266