Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Темiр жол көлiгi туралы

Темiр жол көлiгi туралы
48-бап. Жүктi жеткiзу мерзiмдерi



Ст. 48 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Тасымалдаушы жүктi тасымалдау ережелерiне сәйкес тасымалдау шартында белгiленген мерзiмде баратын темiржол станциясына жеткiзуге мiндеттi.  

2. Егер жүктi жеткiзiп беру мерзiмi өткенге дейiн ол межеленген пунктке жеткізілсе және жүк алушыға тапсырылса немесе қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдарына жеткізілсе, жүк мерзiмiнде жеткiзiлдi деп есептеледi. 

3. Егер жүктiң қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдарына берiлуi жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, тармақ иеленушiнiң кiнәсiнен (түсiру орнының бос болмауы, жүк тасымалдау ақысының және тасымалдаушыға тиiстi өзге де төлемдердiң төленбеуi) кешiктiрiлген жағдайда, жүк мерзiмiнде жеткiзiлдi деп есептеледi.

 Ескерту. 48-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...46 47 48 49 50 ...97 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 48-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266