Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Темiр жол көлiгi туралы

Темiр жол көлiгi туралы
56-бап. Кiрме жолдарды пайдалану шарттары



Ст. 56 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларына сәйкес келуге, жылжымалы составты магистральдық жолдарда рұқсат етiлетiн техникалық жүктеме нормасымен өткiзудi қамтамасыз етуге тиiс. 

2. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары жүктi ырғақты тиеудi, түсiрудi (жүктен босатуды), жүк айналымына сәйкес маневрлiк жұмысты, сондай-ақ жылжымалы құрамды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге тиiс.  

3. Кiрме жолды оны салу немесе шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде пайдалану қысқа мерзiмдi шарт талаптарымен жүзеге асырылуы мүмкiн.  

4. Кiрме жолды пайдалану тасымалдау қағидаларына сәйкес тармақ иеленуші әзірлейтін және Ұлттық инфрақұрылым операторы бекiтетiн кiрме жолдағы қозғалысқа қызмет көрсету және оны ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулық негізінде жүзеге асырылады. 

5. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне бекітіліп берілген кірме жолдарды, олардың құрылыстары мен құрылғыларын техникалық күтіп-ұстауды жəне жөндеуді Ұлттық инфрақұрылым операторы шарттық негізде жүзеге асырады. 

Ескерту. 56-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 596, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...55 55‑1 56 57 57‑1 ...97

Перейти к статье







Добавить комментарий к 56-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266