Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Темiр жол көлiгi туралы

Темiр жол көлiгi туралы
57-бап. Кiрме жолдардың жалғасуы



Ст. 57 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Кiрме жолдардың магистральдық және станциялық жолдарға жалғасуы Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде жекеше әріптестің не концессиялық жобаны іске асыру кезінде концессионердің келісімімен жүзеге асырылады.

Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде жекеше әріптес не концессиялық жобаны іске асыру кезінде концессионер кiрме жолдарды магистральдық және станциялық жолдарға жалғастырудан бас тартқан жағдайда, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган шағымдарды қарауды жүзеге асырады. 

2. Жаңадан салынып жатқан кiрме жолдардың жұмыс iстеп тұрған кiрме жолдарға жалғасуына тармақ иеленушiнiң келiсiмiмен рұқсат берiледi.  

3. Жаңа салынып жатқан кiрме жолдар жалғасқан немесе пайдаланылып жүрген кiрме жолда тасымалдау көлемi ұлғайған жағдайда, кiрме жолдар, темiржол станцияларын салу, магистралдық темiржол желiсiнiң бұрыннан бар темiржол станцияларын дамыту құрылыс бастамашысының қаражаты есебiнен жүзеге асырылуы мүмкiн.

Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 596, 2007.07.27 N 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...55-1 56 57 57-1 58 ...97 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 57-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266