Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Темiр жол көлiгi туралы
6-бап. Магистралдық темiржол желiсi



Ст. 6 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Тасымалдаушылар магистральдық теміржол желісі бойынша тасымалдауларды Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

2. Тасымалдаушы магистралдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтері үшiн Ұлттық инфрақұрылым операторына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.

3. Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу құқығын Ұлттық инфрақұрылым операторы береді.

Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне кемсiтушіліксiз қол жеткізудi қамтамасыз етуге және тасымалдаушыларға магистральдық теміржол желісін пайдалануға тең құқық беруге мiндеттi.

Магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады.

4. Ұлттық инфрақұрылым операторы магистральдық теміржол желісін пайдалануды, күтiп-ұстауды және жаңғыртуды, салуды жүзеге асырады.

Жаңа магистральдық жолдар салу уәкілетті органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...5-1 5-2 6 6-1 6-2 ...97 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 6-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266