Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Темiр жол көлiгi туралы

Темiр жол көлiгi туралы
74-бап. Тұрақсыздық айыбы



Ст. 74 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Жүк тасымалы бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн кiнәлi тарап Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, осы Заңда немесе шартта белгiленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын төлейдi.  

2. Тасымалдаушыға тиiстi төлемдi мерзiмiн өткiзiп төлегенi үшiн Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде бөтен адамдардың ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны үшiн белгiленген жауапкершiлiк мөлшерiнде тұрақсыздық айыбы алынады.  

3. Тараптардың өзге шарттары болмаған ретте төлем жасалған сомадан, ең алдымен - тұрақсыздық айыбының сомасы, ал қалған бөлiгiнен борыштың негiзгi сомасы өтеледi.

Статья 1 ...72 73 74 75 76 ...97 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 74-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266