Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 76 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Темiр жол көлiгi туралы
76-бап. Тасымалдаушының багажды, жүктi, жүк-багажды жоғалтқаны, олардың жетiспеуi немесе бұзылуы (бүлiнуi) үшiн жауапкершiлiгi

1. Тасымалдаушы жүктi, багажды, жүк-багажды тасымалдауға алған кезден бастап жүк алушыға, алушыға берген кезге дейiн олардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 

2. Багажды, жүктi, жүк-багажды жоғалтқаны, оның жетiспеуi, бұзылуы (бүлiнуi) үшiн мүлiктiк жауапкершiлiк оларды қабылдаған - тапсырған кезден бастап ауысады.  

3. Тасымалдауға құндылығы жарияланбай қабылданған багажды, жүктi, жүк-багажды жоғалтқаны, оның жетiспегені немесе бұзылғаны (бүлiнгені) үшiн тасымалдаушы мына мөлшерлерде: 

1) жоғалтқан немесе жетiспеген жағдайда - жоғалған немесе жетiспеген багаждың, жүктiң, жүк-багаждың құны мөлшерiнде; 

2) бұзылған (бүлінген) жағдайда багаждың, жүктiң, жүк-багаждың құны төмендеген сома мөлшерiнде жауапты болады. 

Багаждың, жүктiң, жүк-багаждың құны сатушының шотында, шартта көрсетiлген баға негiзге алынып, ал ол болмаған кезде салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас тауарлар үшiн әдетте алынатын баға негiзге алынып айқындалады. 

4. Тасымалдауға құндылығы жарияланып тапсырылған багаж бен жүк-багажды, сондай-ақ жүктi жоғалтқаны, олардың жетiспеуi немесе бұзылуы (бүлiнуi) үшiн тасымалдаушы жарияланған құндылығы мөлшерiнде жауапты болады.  

5. Тасымалдаушы осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген зиянның орнын толтырумен бiрге, егер тасымал ақысы олардың құнына кiрмейтiн болса, жоғалтқан, жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) багажды, жүктi, жүк-багажды тасымалдау үшiн алған тасымал ақысын қайтарады.  

6. Багаж, жүк, жүк-багаж жеткiзiп беру мерзiмiнен жетi күн өткеннен кейiн жоғалды деп есептеледi.  

Багаж, жүк, жүк-багаж аталған мерзiм өткеннен кейiн келген жағдайда, алушы оларды қабылдай алады және тасымалдаушының жоғалтқаны үшiн төлеген сомасын қайтара алады.  

7. Тасымалдаушы, егер жүктің немесе багаждың, жүк-багаждың жоғалуы, жетіспеуі немесе бұзылуы (бүлінуі) өзінің кінәсінан болмағанын дәлелдей алмаса, жүктің, багаждың немесе жүк-багаждың жоғалуына, жетіспеуіне немесе бұзылуына (бүлінуіне) жауап береді. 

8. Темiржол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келмейтiн жүктi берген жағдайда, мұндай жүктi тасымалдаушы тиеген болса, ол жүк алушы алдында жүктiң темiржол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген құны мөлшерiнде, оны жоғалтқанмен бiрдей жауапкершiлiкте болады. 

9. Тасымалдау шарты бұзылған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың басқа тасымалдаушысынан жүкті тасымалдауға қабылдаған тасымалдаушы кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес жүктерді халықаралық тасымалдау кезінде жоғалған, жеткізілмеген жүкке кедендік баждар мен салықтарды төлеуге жауапты болады. 

Ескерту. 76-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...74 75 76 77 78 ...97

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться