Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Темiр жол көлiгi туралы

Темiр жол көлiгi туралы
79-бап. Жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк



Ст. 79 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Жүктi жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткен әрбір тәулiгiне жолдың теміржол бөлігі үшін, егер тасымалдаушы мерзiмнiң өтiп кеткенi өзінің кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жүк алушыға темiржол көлiгiмен тасымалдағаны үшiн тасымал төлемiнiң бес пайызы мөлшерiнде, бiрақ тасымал төлемiнiң елу пайызынан аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi. 

2. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор Қазақстан Республикасы заңнамасының тауарлар экспортына, импортына, транзитiне арналған құжаттарды ресiмдеу жөніндегі талаптарын мемлекеттік кіріс органдарының, шекаралық немесе басқа да түрдегі бақылау органдарының вагондар мен контейнерлердi кiдiртiп қоюына әкеп соғатындай етіп бұзғаны үшін тасымалдаушының пайдасына вагондарды, контейнерлердi пайдалану ақысы мөлшерiнде айыппұл алынады.

 Ескерту. 79-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...77 78 79 79-1 80 ...97 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 79-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266