Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Темiр жол көлiгi туралы
80-бап. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмдерiнiң бұзылғаны үшiн жауапкершiлiк



Ст. 80 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Тасымалдаушы багажды, жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кеткен әр тәулiгi үшiн жолаушыға, алушыға, егер мерзiмнiң өтiп кетуi өзiнiң кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, жол жүру ақысының он процентi мөлшерiнде, бiрақ жол жүру ақысының елу процентiнен аспайтын мөлшерде айыппұл төлейдi.

Жеткiзiп беру мерзiмiнiң өтiп кетуi багаж, жүк-багаж жеткiзiлуге тиiс тәулiктегi сағат жиырма төрттен бастап есептеледi.  

2. Багажды, жүк-багажды жеткiзiп беру мерзiмдерiн бұзғаны үшiн айыппұл төлеу тасымалдау ережелерiне сәйкес жолаушының, алушының өтiнiшi бойынша жалпы нысандағы актiнiң негiзiнде жүргiзiледi.  

3. Жолаушылар тасымалдайтын жолаушы поезының жөнелтiлуiн кiдiрткенi, сондай-ақ баратын темiржол станциясына кешiгiп келгенi үшiн тасымалдаушы, егер кiдiру немесе кешiгу тежеусiз күштiң салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жолаушының шеккен залалын өтей отырып, оған кешiккен әр сағат үшiн жол жүру құжаты (билетi) құнының үш процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.

Өндiрiп алынған айыппұлдың сомасы жол жүру құжатының (билеттiң) құнынан аспауға тиiс.

Жолаушы поезының кешiккенi үшiн айыппұл төлеу тасымалдау ережелерiне сәйкес жолаушының өтiнiшi бойынша жүргiзiледi.

Статья 1 ...79 79-1 80 81 82 ...97 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 80-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266