Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Темiр жол көлiгi туралы

Темiр жол көлiгi туралы
88-1-бап. Темiржол көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылаудың мәні мен мақсаты



Ст. 88-1 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Теміржол көлiгi саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – көлiктiк бақылау) теміржол көлiгiнің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауына, оларды бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша шаралар қабылдау үшін жүргiзiледi. 

2. Көлiктiк бақылауды жүргiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасының темiржол көлiгi саласындағы заңнамасының темiржол көлiгiн қауiпсiз пайдалану және оның тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын сақтау болып табылады.  

3. Уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасасады, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.  

Мемлекеттiк органдар уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темiржол көлiгi саласында қауiпсiздiктiң қамтамасыз етiлуiне көлiктiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда жәрдемдесуге мiндеттi. 

Тасымалдау процесіне қатысушылар және жылжымалы теміржол составының иелері жылжымалы теміржол составына, сондай-ақ магистральдық, станциялық, кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпаратты Теміржол көлігін техникалық пайдалану қағидаларында белгіленген нысан бойынша жөндеу аяқталған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға береді. 

Ескерту. 88-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 494-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...87 88 88‑1 88‑2 88‑3 ...97

Перейти к статье







Добавить комментарий к 88-1-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266