Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 88-4 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Темiр жол көлiгi туралы
88-4-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары

Уәкiлеттi орган алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн:  

1) жеке және заңды тұлғалардан уәкiлеттi органның құзыретiне кiретiн барлық мәселелер бойынша қажеттi ақпараттар, материалдар, анықтамалық деректер сұратуға;  

2) темiржол көлiгiнде тасымалдау және басқа да қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметiн, оның ішінде бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, олардың:  

темiржол желiсiнiң станциялық және магистралдық жолдар мен темiржолдағы кiрме жолдарды күтiп-ұстауды;  

жылжымалы құрамды күтiп-ұстауды, пайдалануды және жөндеудi;  

белгіленген жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын, сондай-ақ жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын; 

темiржол көлiгiнде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды күтiп-ұстауды, пайдалануды және жөндеудi;  

жасанды құрылыстарды, сондай-ақ теміржол өткелдерiн күтіп-ұстауды, пайдалануды және жөндеудi сақтау бөлiгiнде тексеруге;  

3) (алып тасталды - 2007.07.27. № 316 ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

4) өз құзыретi шегiнде тексерулердің нәтижелерi бойынша актiлер жасауға және Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасының, теміржол көлiгінiң жұмыс iстеу тәртiбiн айқындайтын стандарттау жөніндегі құжаттардың және нормалардың анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқама енгiзуге; 

4-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен уәкілетті органның лауазымды адамдарының әкімшілік құқық бұзушылықтар және әрекеттер жасау фактілерін тіркеп алу үшін техникалық құралдарды пайдалануға; 

5) хаттамалар толтыруға, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға;  

6) алып тасталды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

7) өз құзыретi шегiнде заңды тұлғаға тиесiлi аумақты, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi қарап шығуға, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеруге;  

8) уәкiлеттi органның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшiн тиiстi мамандарды тартуға;  

9) мемлекеттiк органдарға көлiк оқиғаларының, көлiктi пайдалану ережелерiн бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзуге;  

10) жүру қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына жай-күйi сай келмейтiн магистралдық темiржол желiсiнiң, темiржолдар мен жылжымалы құрамның объектiлерiн, сондай-ақ жолаушыларды, жүктердi және қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде пайдалануды тоқтата тұруға және тоқтатуға; 

11) жай-күйі жүру қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына сай келетін магистральдық теміржол желісінің, теміржолдар мен жылжымалы құрамның объектілерін пайдалануды, сондай-ақ жолаушыларды, жүктерді және қауіпті жүктерді тасымалдауды қайта бастауға құқылы. 

Ескерту. 88-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 316 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...88‑2 88‑3 88‑4 88‑5 88‑6 ...97

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться