Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 89 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Темiр жол көлiгi туралы
89-бап. Кiнә қоюдың шарттары мен тәртiбi

1. Тасымалдаушыға тасымалдау шартынан туындайтын кiнә қоюға жолаушының, жөнелтушiнiң (жүк жөнелтушiнiң), алушының (жүк алушының) құқығы бар. 

Меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде вагондарға, контейнерлерге иелік ететін тұлға вагондар, контейнерлер жоғалған, бүлінген жағдайларда тасымалдаушыға кінә қоюға құқылы. 

2. Жеке немесе заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымалдау шарты бойынша кінә қою құқығы бар тұлғалардың атынан кінә қоя алады. 

3. Өтiнiш берушiде кінә қою құқығы бар екендігін куәландыратын құжаттар кiнә қоюға қоса берілуге тиiс. 

4. Өтiнiш берушiнiң талаптарын растайтын мына құжаттар түпнұсқа түрiнде кiнә қоюға қоса берілуге тиiс: 

1) жолаушының өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талап қойылған жағдайда – жол жүру құжаты (билет) және жазатайым оқиға туралы акт; 

2) жолаушылар поезының жөнелтiлуi кiдiртiлген немесе ол кешiгiп келген, жол жүргені үшін төлемді қайтару туралы талап қойылған жағдайда – жол жүру құжаты (билет); 

3) багажды, жүк-багажды жоғалтқан, жеткiзiп беру мерзiмiн бұзған, багажды, жүк багажды тасымалдағаны үшін тасымалдау ақысын қайтару туралы талап қойылған жағдайда – багаждың, жүк-багаждың түбіртегі; 

4) багаж, жүк-багаж жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жағдайда – багаж, жүк-багаж түбіртегі мен коммерциялық акт; 

5) жолаушыны, багажды, жүк-багажды тасымалдағаны үшін тариф дұрыс қолданылмаған, багаждың, жүк-багаждың салмағы қате анықталған, тасымалдау төлемдерін айқындау кезіндегі есептеуде қате жіберілген жағдайларда – жол жүру құжаты (билет), багаждың, жүк-багаждың түбіртегі; 

6) жүк түгелдей жоғалған жағдайда – жүктің келіп түспегені туралы межелі станцияның белгісі қойылған жүкті қабылдау туралы түбіртек және жөнелтілген жүктің саны мен құнын растайтын құжат; 

7) жүк жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жағдайда – темiржол көлiгi жүкқұжаты, межелі станция берген коммерциялық акт және жөнелтілген, жетiспеген, бұзылған (бүлiнген) жүктің саны мен құнын растайтын құжаттар. 

Жүк жөнелтуші мен жүк алушы арасындағы есеп айырысу нормаланған және іс жүзіндегі ылғалдылық ескеріле отырып, жүргізілетін жүк жетіспеген жағдайда, кінә қоюға жүкті жөнелту және беру кезіндегі оның ылғалдылығын растайтын құжаттар қоса беріледі. 

Жүкті беру кезінде оның бағасын арзандату немесе сортын төмендету жүргізілген жүк бұзылған (бүлiнген) жағдайда кінә қою актісіне сараптама актісі қоса беріледі; 

8) жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi бұзылған жағдайда – темiржол көлiгi жүкқұжаты; 

9) тариф артық төленген жағдайда – темiржол көлiгi жүкқұжаты немесе жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек және төленгенін растайтын құжаттар; 

10) тасымалдау орындалмаған жағдайда – тасымалдаушының жүкті қайтарғаны туралы белгісі қойылған жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек; 

11) жүк тасымалдаумен байланысты алымдар мен айыппұлдар артық төленген жағдайда – олардың есептелгенін және төленгенін растайтын құжаттар; 

12) тасымалдаушы заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі немесе олар жалға алған вагондарды, контейнерлерді жоғалтқан, зақымдаған жағдайда – межелі станциядағы тасымалдаушының вагондардың, контейнерлердің жеткізілмегені туралы белгісімен жүкті тасымалдауға қабылдау туралы түбіртек, техникалық паспорттар мен оларға меншік құқығын немесе жалға алынғанын растайтын құжаттар. 

5. Бір кінә қоюда осы бапта көрсетілген әртүрлі жағдайлар бойынша талаптар біріктірілмеуі тиіс. 

Жүктің жоғалғаны, жетіспеуі, бүлінгені немесе бұзылғаны үшін кінә қою әрбір жөнелтілім бойынша жеке қойылады. 

Бір атаудағы, бір станцияда бір ғана жүк жөнелтуші бір межелі станцияға бір жүк алушының мекенжайына жөнелткен жүктер бойынша тасымалдауды ресімдеу кезінде тасымалдаушы олар бойынша бір коммерциялық акт жасаған жүк жөнелтілімдері тобы бойынша бір кінә қоюды ресімдеуге рұқсат етіледі. 

Маршруттық немесе топтап тасымалданған жүктер бойынша кінә қою коммерциялық актіде көрсетілген вагондар санына қойылады. 

Жүкті жеткізу мерзімі асып кеткен кезде олар бір тәулік ішінде келсе, бірнеше жүк жөнелтілімін бір кінә қоюда біріктіруге рұқсат етіледі. 

Ескерту. 89-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...88‑7 88‑8 89 89‑1 90 ...97

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.

     Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться