Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Темiр жол көлiгi туралы

Темiр жол көлiгi туралы
94-бап. Ақпарат, қызметтiк iс қағаздарын жүргiзу және байланыс



Ст. 94 Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266



1. Тасымалдаушы жолаушыларға, жөнелтушiлерге (жүк жөнелтушiлерге), алушыларға (жүк алушыларға) тасымалдау жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге мiндеттi.

Темiржол станцияларында, вокзалдарда, поездарда және жолаушыларға, жөнелтушiлер (жүк жөнелтушiлер) мен алушыларға (жүк алушыларға) қызмет көрсетiлетiн басқа да орындарда ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде берiледi, сондай-ақ жергiлiктi халықтың мүддесiн ескере отырып, басқа тiлдерде де берiлуi мүмкiн.  

2. Жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж тасымалдау құнын өзгерту туралы мәлiметтер оларды енгiзуден кем дегенде он күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.  

3. Теміржол көлігінде қызметтік іс жүргізу мен байланыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Поездар қозғалысын жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган бекіткен терминдер пайдаланылады. 

4. Темiржол көлiгiндегi тасымалдау құжаттары және халықаралық хабарлар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларымен белгiленген тiлдерде жүзеге асырылады.

 Ескерту. 94-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...92 93 94 94-1 95 ...97 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 94-бап Темiр жол көлiгi туралы 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266