Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Тұрғын үй қатынастары туралы
101-5-бап. Тұрғын үй төлемдерін пайдалану мақсаттары

Ст. 101-5 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Тұрғын үй төлемдерін алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген тиісті шарттар негізінде жеке арнайы шотындағы ақшаны: 

1) тұрғынжайды меншікке, оның ішінде төлемдерді бөліп төлеумен немесе ипотекалық кредитті (қарызды) пайдалана отырып меншікке алу; 

2) тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу немесе кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу; 

3) бұрын алынған ипотекалық кредитті (қарызды) өтеу; 

4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу; 

5) тұрғын үй және тұрғын үй-құрылысы кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу; 

6) қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатынан басқаға талап етуге болмайтын тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі жинақтарды толықтыру; 

7) "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсаттарында қолданады.
Статья 1 ...101‑3 101‑4 101‑5 101‑6 101‑7 ...121

Перейти к статье






Добавить комментарий к 101-5-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94