Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Тұрғын үй қатынастары туралы
101-8-бап. Тұрғын үй төлемдеріне қолсұғылмаушылық кепілдіктері

Ст. 101-8 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
Тұрғын үй төлемдерін алушының міндеттемелері бойынша тұрғын үй төлемдері есепке жатқызылатын жеке арнайы шот ретінде ашылған банктік шоттар бойынша, сондай-ақ осы Заңның 101-5-бабының 6) тармақшасында көрсетілген мақсаттар үшін жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемдерінің сомасына тыйым салуға, өндіріп алуды қолдануға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жол берілмейді.  

Тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғынжайға жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қоспағанда, тұрғын үй төлемдері, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақша бюджетке алып қоюға жатпайды, иесінің немесе басқа адамдардың міндеттемелері бойынша кепіл немесе өзге де ауыртпалық нысанасы бола алмайды.
Статья 1 ...101‑6 101‑7 101‑8 101‑9 101‑10 ...121

Перейти к статье






Добавить комментарий к 101-8-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94