Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрғын үй қатынастары туралы

Тұрғын үй қатынастары туралы
108-бап. Тұрғын үйдi жалға алу (қосымша жалға алу) шартын жарамсыз деп танудың салдары



Ст. 108 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94



1. Шарт жасасып, тұрғын үй алған адамдардың қасақана заңсыз әрекеттерiнiң салдарынан тұрғын үйдi жалға алу (қосымша жалға алу) шарты жарамсыз деп танылған жағдайда олар басқа тұрғын үй берiлместен шығарылуға тиiс.

2. Егер тұрғын үйдi жалға алу (қосымша жалға алу) шарты осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа негiздер бойынша жарамсыз деп танылса, шартта аталған азаматтар өздерiнiң бұрын тұрып келген тұрғын үйi немесе басқа жайлы тұрғын үй берiп шығарылуға тиiс. Басқа тұрғын үй беру мiндетi шартты жарамсыз деп тануға әрекетi негiз болған заңды тұлғаға жүктеледi. Бұл жағдайда соттың шешiмiнде берiлетiн тұрғын үйдiң мекен-жайы көрсетiлмеуi мүмкiн.

3. Жалдау (қосымша жалдау) шартын жасасу кезiнде заңсыз әрекетке жол берген лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.

Ескерту. 108-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182, 2007.07.06 N 276 (орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді) Заңдарымен.  
15-тарау. ҚЫЗМЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДI ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНЫҢ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН БӨЛМЕЛЕРДI ПАЙДАЛАНУ

Статья 1 ...106 107 108 109 110 ...121 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 108-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94