Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрғын үй қатынастары туралы

Тұрғын үй қатынастары туралы
114-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханадан шығару



Ст. 114 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94




1. Еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген және осы еңбек қатынастарын тоқтатқан адамдар, сондай-ақ оқу орындарында оқыған және олардан шығып қалған адамдар өздерiмен бiрге тұратын отбасыларының мүшелерiмен қоса оларға жұмысына немесе оқуына байланысты берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханасынан басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылуға тиiс.

Осы ереже еңбек шарты немесе жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорындар (мекемелер) әкімшіліктерінің өзге де шешімдері негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларда тұру құқығын алған адамдарға, сондай-ақ қоныстанған кезінен бастап осы Заң күшіне енгенге дейін іс жүзінде тұрып жатқан басқа да адамдарға қолданылмайды.

2. Осы Заңның 107-бабында көзделген негiздер бойынша да жатақханадан басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуы мүмкiн.

Ескерту. 114-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1999.06.07 N 391-I, 2007.05.15 N 253 Заңдарымен. 
  5 БӨЛIМ   16-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУ ЖӨНIНДЕГI ШАРТТЫҚ
МIНДЕТТЕМЕЛЕР


Статья 1 ...112 113 114 115 116 ...121 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 114-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94