Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұрғын үй қатынастары туралы
31-бап. Кондоминиумның құрылуы және тоқтатылуы



Ст. 31 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94



1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) екi және одан да көп меншiк иелерiне тиесiлi тұрғын үйлерде кондоминиум құрылады.

2. Үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң әрқайсысы өзiне дара (бөлек) меншiк құқығы бойынша тиесiлi үй-жайды өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқылы.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі.

Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) жанындағы жер учаскесі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен немесе ортақ жер пайдалану құқығымен тиесілі.

3. Үй-жайдың әрбір меншік иесінің (өзге құқық иеленушінің) ортақ мүліктегі үлесі оған тиесілі үй-жайға дара (бөлек) меншіктен (өзге заттай құқықтан) бөлінбейді. Үлестің мөлшері дара (бөлек) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) тұрғын үй-жайлардың және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының кондоминиумның осы объектісіндегі бүкіл тұрғын үй-жайлардың және бүкіл тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының сомасына қатынасымен анықталады. Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды.

4. Егер үй-жай тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) жапсарлас салынса немесе одан бөлiнсе, ортақ мүлiктегi үлес мөлшерi қайта есептеледi.

5. Үй-жайға (үй-жайларға) меншiк құқығының басқа адамға ауысуы ортақ мүлiктегi тиiстi үлестiң сатып алушыға ауысуына әкеп соғады.

6. Үй-жай (пәтер) меншiк иелерiнiң ортақ мүлiктегi өз үлесiн өзiне дара (бөлек) меншiк құқығымен тиесiлi үй-жайдан (пәтерден) жеке бөлiп алуға құқығы жоқ.

7. Кондоминиум тұрғын үйдегi барлық үй-жайлар мен ортақ мүлiкке меншiк құқығы бiр меншiк иесiне (жеке, заңды тұлғаға, мемлекетке) ауысқан кезде немесе жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылған немесе төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйдiң көп бөлiгi бүлiнген (қираған) жағдайда тоқтатылуы мүмкiн.

8. Кондоминиум объектісін басқару органы құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде әрбір кондоминиум объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашуға міндетті, оған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің осы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады.

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау үшін ай сайын кондоминиум объектісін басқару органының жинақ шотына үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында айқындалатын мөлшердегі, бірақ тұрғын (тұрғын емес) үй-жайдың пайдалы алаңының бір шаршы метріне арналған есеппен республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына арналып белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,02 еселенген мөлшерінен кем болмайтын соманы енгізуге міндетті.

 Кондоминиум объектісін басқару органы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін сақтау және оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Кондоминиум объектісін басқару органы құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде осы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын сомаларды жинақтау үшін әрбір кондоминиум объектісіне екінші деңгейдегі банкте жинақ шотын ашуға міндетті.

Жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау жалпы жиналыстың осы кондоминиум объектісінің үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданған және жиналыстың хаттамасында бекітілген шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады.

Кондоминиум объектісінің барлық меншік иелерінің тікелей бірлесіп басқаруы екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашылмай жүзеге асырылуы мүмкін.

Заңды тұлға құрмай кондоминиум объектісін басқарған жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат және (немесе) өзге де құжат негізінде уәкілетті жеке тұлға банк шоттарын ашуды жүзеге асырады, оларға сәйкес осы жеке тұлға банк шоттарын ашуға және жүргізуге уәкілетті болады. Уәкілетті жеке тұлға кондоминиум объектісін басқару үшін ағымдағы және жинақ шоттарын осы тармақта белгіленген мақсаттарда ғана ашады.

Кондоминиум объектісін басқару органы, уәкілетті жеке тұлға кондоминиум объектісі меншік иелерінің талап етуімен банк шоттары бойынша ақшалардың, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат ұсынады.

Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.26 N 311, 2009.06.08 N 163-IV, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...121 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 31-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94