Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрғын үй қатынастары туралы

Тұрғын үй қатынастары туралы
32-бап. Кондоминиум объектiсiн тiркеу



Ст. 32 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94



1. Кондоминиум объектiсi жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiртұтас кешен ретiнде тiркелуге тиiс.

2. Кондоминиум объектісін тіркеу кондоминиумға қатысушының не меншік иелерінің уәкілетті өкілінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Кондоминиум объектісін тіркеу кезінде ортақ мүліктің құрамы мен әрбір үй-жайдың құқық иелерінің ортақ меншіктегі үлесінің мөлшері айқындалады.

Кондоминиум объектісін басқару органы құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде кондоминиум объектісін тіркеуге байланысты функцияларды орындауға міндетті.

Кондоминиум объектісін тіркегенге дейін ортақ меншіктегі үлесі бар мәміле дара (бөлек) меншіктегі (өзге заттай құқықтағы) мүлікпен мәміле жасау кезінде жасалған деп саналатын жағдайларды қоспағанда, ортақ мүлікпен жасалатын мәмілелер заңдық күшке ие болмайды.

2-2. Кондоминиумды бастапқы тіркеген кезде кондоминиум объектісіне техникалық паспорт дайындау бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

3. Көп пәтерлi тұрғын үйдi не мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендiру кезiнде кондоминиум объектiсiн бастапқы тiркеу iсiн жекешелендiрудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган жүргiзуге тиiс.

4. Үй-жайлардың алаңын қатысушылардың келісімі немесе өзге де негіздер бойынша өзгерту нәтижесінде кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкінің құрамы және (немесе) олардың ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері өзгерген кезде тиісті өзгерістер мемлекеттік тіркелуге тиіс.

Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.06.07 N 391-I, 2007.07.26 N 311, 2009.06.08 N 163-IV, 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...121 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 32-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94