Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрғын үй қатынастары туралы

Тұрғын үй қатынастары туралы
41-2-бап. Тұрғын үй инспекциясының тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының өкілеттіктері



Ст. 41-2 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94



Ескерту. 41-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 270-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

1. Тұрғын үй инспекциясы:  

1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;  

2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, кезеңділіктерін және кезектілігін айқындау;  

3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;  

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің  

жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі  

комиссияларға қатысу; 

5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау; 

6) осы Заңның 42-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау; 

7) кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелерi өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептің бар-жоғын тексеруді жүргізу бойынша өкілеттіктерді жүзеге асырады.  

2. Тұрғын үй инспекциясының өкілеттігіне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мәселелер кіреді.  

3. Тұрғын үй инспекциясы лауазымды адамдарының:  

1) тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлігін көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;  

2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға құқығы бар.  

4. Тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамдары:  

1) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізуге; 

2) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;  

3) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;  

4) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасауға;  

5) кондоминиум объектiсiнің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға міндетті.  

5. Тұрғын үй инспекциясының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға болады.  

Ескерту. 41-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-тарау. КОНДОМИНИУМ ОБЪЕКТIСIН БАСҚАРУ


Статья 1 ...41 41‑1 41‑2 42 42‑1 ...121

Перейти к статье







Добавить комментарий к 41-2-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94