Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрғын үй қатынастары туралы

Тұрғын үй қатынастары туралы
44-бап. Үй-жай иелерiнiң кооперативтерiн тiркеу немесе қайта тіркеу



Ст. 44 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94



Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi оның белгiленген тәртiпке сәйкес мемлекеттiк тiркеуден немесе қайта тіркеуден өткен кезiнен бастап құрылған болып есептеледi және заңды тұлға құқығына ие болады.

2. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн тiркеу немесе қайта тіркеу үшiн тiркеушi органға:

1) өтiнiш;

2) кондоминиум объектiсiндегi үй-жайлар иелерiнiң құрылтай жиналысының хаттамасы немесе жазбаша сауалнаманың қорытындылары бойынша дауыс беру парақтары бар хаттамасы;

3) үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң Жарғысы;

4) кондоминиумды тiркеу немесе қайта тіркеу туралы мемлекеттiк акт;

5) заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжат;

6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.

3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары үй-жайлар  (пәтерлер) иелерiнiң кооперативтерiн құруға жан-жақты көмек пен жәрдем көрсетуге тиiс.

4. Құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу мерзімі кідіртіле тұрады.

5. Тiркеуге немесе қайта тіркеуге тапсырылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген мерзiмде қаралады. Қараудың нәтижесі бойынша тіркеу органының:

1) кооперативтi тiркеу немесе қайта тіркеу туралы;

2) Алынып тасталды - ҚР 2009.06.08 N 163-IV Заңымен.

3) кооперативті тіркеуден дәлелді бас тарту туралы шешімі қабылданады.

6. Заңды тұлғаны құрудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртібі бұзылған немесе оның құрылтай құжаттары заңға сәйкес келмеген жағдайда, үй-жайлар (пәтерлер) меншiк иелерiнiң кооперативiн тіркеуден бас тартылуға тиіс.

7. Тiркелген кооперативке Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы заңнамасында белгiленген мерзiмде заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама берiледi.

8. Тiркеушi органның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым берiлуi мүмкiн.

Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2009.06.08 N 163-IV, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...42-2 43 44 45 46 ...121 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 44-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94