Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұрғын үй қатынастары туралы
49-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң тексеру комиссиясы



Ст. 49 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94



1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң тексеру комиссиясы кооператив қызметiнiң әрбір учаскесiне қаржы жөнiнен тексеру жүргiзуге міндетті. Тексеру комиссиясы кооператив басқармасының жыл сайынғы есебi бойынша және басқарма табыс еткен кiрiстер мен шығыстар сметасы бойынша қорытынды бередi.

1-1. Тексеру комиссиясының үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру актісі үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысында үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің назарына жеткізіледі.

2. Басқарма мүшелерi мен олардың отбасы мүшелерi, не басқарма мүшесiмен бiр пәтерде тұратын меншiк иелерi бiр мезгiлде тексеру комиссиясының мүшелерi бола алмайды.

3. Егер кооператив онға жетпейтiн мүшенi бiрiктiрсе, тексеру комиссиясының орнына тексерушi сайлануы мүмкiн.

  Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.06.08 N 163-IV Заңымен.

Статья 1 ...47 48 49 50 50-1 ...121 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 49-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94