Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрғын үй қатынастары туралы

Тұрғын үй қатынастары туралы
50-1-бап. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің құқығы



Ст. 50-1 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94



1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің:  

1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ерікті негізде қауымдастықтарға (одақтарға) бірігуге;  

2) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуге немесе мұндай актілердің бастамашылық жобаларын уәкілетті органның қарауына беруге;  

3) уәкілетті органға тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды  

жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;  

4) үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің құқықтарын қорғап,  

талап-арызбен Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге;  

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге  

де іс-әрекеттер жасауға құқығы бар.  

Ескерту. 50-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.06.08 N 163-IV Заңымен.

Статья 1 ...49 50 50‑1 50‑2 51 ...121

Перейти к статье







Добавить комментарий к 50-1-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94