Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрғын үй қатынастары туралы

Тұрғын үй қатынастары туралы
50-бап. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнiң кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуы



Ст. 50 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94



 Ескерту. 50-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 270-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерi кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар ай сайын жүргізіледі.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшері үй-жайдың (пәтердің) меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесіне мөлшерлес белгіленеді.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға жатпайтын қосымша шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жазбаша келісімінсіз оларға жүктеуге болмайды.

2. Тұрғын емес үй-жайлардың иелерi ортақ мүлiктi пайдалану жөнiнде, өздерi жүзеге асыратын өндiрiстiк, сауда және сол сияқты қызметке байланысты белгiленген сметадан тыс шығыстарды жабуға мiндеттi.

Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң өздерiне үй-жайлар иелерiнiң кооперативi берген пайдаланылуы шектеулi ортақ мүлiктi немесе жер учаскесiн жеке пайдалануына байланысты шығыстары нақ осы тәртiппен жабылады.

3. Ортақ мүлiктi жеке мақсаттар үшiн пайдалануға байланысты шығыстарды сол мүлiктi шектеулi пайдалануға құқығы бар меншiк иесi өтеуге тиiс.

4. Үй-жайлардың иелерi жалпы шығыстар шотына мiндеттi төлемдердi кешiктiрген ретте мерзiмiнен асқан әрбiр күн үшiн келесi айдың алғашқы күнiнен бастап қарыз сомасына заңдарда белгiленген мөлшерде өсiм есептеледi.

Үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң мүшесi берешегiн белгiленген төлем уақытынан кейiнгi үш айдың iшiнде орынды себепсiз өтемеген ретте кооператив қарызды күштеп өндiрiп алу туралы сотқа жүгiнуге құқылы.

Өндiрiп алуға жүгiну Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

Берешекті өтеу жөніндегі талапқа талап қою мерзімі қолданылмайды.

 Ескерту. 50-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.06.08 N 163-IV, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...48 49 50 50-1 50-2 ...121 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 50-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94