Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрғын үй қатынастары туралы

Тұрғын үй қатынастары туралы
51-бап. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн тоқтату



Ст. 51 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94



1. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi мынадай жағдайларда:

1) жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылған ретте;

2) кондоминиум объектiсiн басқарудың басқа нысанына көшу туралы үй-жайлар иелерiнiң қабылдаған шешiмi бойынша;

3) өрт, жер сiлкiнiсi немесе өзге де зiлзалалар салдарынан үйдiң елу проценттен астамы зақымдалған (қираған) жағдайда тұрғынжайдың зақымдалған (қираған) бөлiгiн қалпына келтiрмеу жөнiнде үй-жайлар иелерiнiң қабылданған шешiмi бойынша;

4) кондоминиумды тоқтатқан ретте тоқтатылуы мүмкiн.

2. Кооперативтi тоқтатқан ретте оның борыштарды өтегеннен кейiн қалған мүлкi, егер меншiк иелерiнiң арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, кооператив мүшелерiнiң арасында олардың ортақ мүлiктегi үлестерiне мөлшерлi бөлiнедi.

3. Кооперативтiң тоқтатылуы оның құрылуы сияқты тiркеледi.

Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.06.08 N 163-IV, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
8-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-ҚҰРЫЛЫС КООПЕРАТИВТЕРI

Статья 1 ...50-1 50-2 51 52 53 ...121 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 51-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94