Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Тұрғын үй қатынастары туралы

Тұрғын үй қатынастары туралы
58-бап. Кооператив мүшесiнiң отбасы мүшелерiнiң құқықтары



Ст. 58 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94




1. Тұрғын үй немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативi мүшесiнiң отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес белгiленедi.

2. Егер жиналған пайға төлемдер ерлi-зайыптылар бiрлесiп өмiр сүрген кезеңде төленсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше белгiленбеген болса, жиналған пайдың бiр бөлiгiне кооператив мүшесi зайыбының (жұбайының) құқығы танылуы мүмкiн.

3. Қайтыс болған кооператив мүшесi мұрагерiнiң пай жинауға құқығы танылуы мүмкiн.

4. Жиналған пайдың бiр бөлiгiне құқығы болатын кооператив мүшесiнiң отбасы мүшелерi пайдаланылып отырған үй-жай жөнiнде нақ кооператив мүшесi сияқты құқықтар мен мiндеттердi пайдаланады.

Кооператив мүшесi отбасының басқа мүшелерi кооператив мүшесiнiң үй-жайында тұрақты тұру (пайдалану) құқығын пайдаланады.


Статья 1 ...56 57 58 59 60 ...121 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 58-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94