Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұрғын үй қатынастары туралы
80-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты



Ст. 80 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94



1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты тұрғын үй беру туралы шешiмнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы орган немесе мемлекеттiк кәсiпорынның немесе мемлекеттік мекеменің әкiмшiлiгi (жалға берушi) мен азаматтың (жалға алушының) арасында жазбаша түрде жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлмеуге тиiс.

1-1. Жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қосымша жалдау шарты тұрғын үй беру туралы шешiмнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы орган мен азаматтың арасында жазбаша нысанда жасалады.

2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгi шартын, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi беру және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартынан туындайтын қатынастарға тиiстi реттерде Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары да қолданылады.

Ескерту. 80-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182; 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...78 79 80 81 82 ...121 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 80-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94