Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Тұрғын үй қатынастары туралы
99-бап. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан әскери қызметшілерге берілетін қызметтік тұрғын үйлердің құқықтық режимі



Ст. 99 Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94



1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін қоспағанда, тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері — зайыбы (жұбайы); ерлі-зайыптылардың ортақ немесе олардың біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары, жиырма үш жасқа толмаған, күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитын (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары және жұбайының (зайыбының) балалары; он сегіз жасқа дейін мүгедек болған балалары (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) және жұбайының (зайыбының) мүгедек балалары; әскери қызметшінің асырауындағы ата-аналары — әскери қызметін өткеру кезеңіне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Әскери қызметші мен оның отбасы мүшелеріне қызметтік тұрғын үй осы заңда белгіленген мөлшерде беріледі.

Қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілгенге дейін тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшіге оның баянаты бойынша Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.

1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі әскери қызметшілерінің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) тұрғын үйге құқығын іске асыруы осы Заңның 13-1-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілері (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) оны «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 55-бабының 6 және 7-тармақтарында көзделген тәртіппен жекешелендіреді.

2. Әскери қызметші осы елді мекенде оның және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің жеке меншік құқығында тұрғынжай немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген өзге де тұрғынжайы болмаған жағдайда тұрғын үйге мұқтаж деп танылады.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбелер бойынша жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етіледі.

4. Асыраушысынан айырылған әскери қызметшілердің отбасы мүшелері өтеусіз негізде басқа тұрғын үй берілмейінше, тұрып жатқан тұрғынжайларынан шығарылмайды. Тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенге дейін көрсетілген тұрғын үйге мұқтаж адамдарға Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін мақсатты өтемақы төленеді.

5. Шетелге әскери қызмет өткеру үшін жіберілген әскери қызметшілердің тұрып жатқан тұрғынжайлары шетелде болған барлық уақытына сақталады.

 Ескерту. 99-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...98 98-1 99 100 101 ...121 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 99-бап Тұрғын үй қатынастары туралы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94