Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы
10-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудiң шарттары



Ст. 10 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110



1. Мемлекет салымшыларға - Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудi қамтамасыз етедi.  

2. Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толмаған азаматтарының салымдары немесе олардың атына арнап басқа адамдар салған салымдар да мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылады.  

3. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысының мөлшерi ынталандырылатын салым сомасының жиырма процентiн құрайды. Мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылатын салымға тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым сомасы және сол бойынша есептелген тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақысы кiредi.  

4. Мемлекеттiң сыйлықақысы жыл сайын есептiк кезеңнен кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ банкінiң есептелген сыйақысы ескерiле отырып, жылдың қорытындылары бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымның қалдығына есептеледі.

Мемлекеттiң сыйлықақысы салымшының шотына есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде есепке жатқызылады.

Ағымдағы жылдағы мемлекеттің сыйлықақысы алдындағы жылдары ынталандырылған салым сомасына есептелмейдi.

Мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылатын жинақталған ақша сомасы екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен аспауға тиiс.

Егер мемлекеттiң сыйлықақысымен ынталандырылатын жинақталған ақша сомасы екi жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, онда жинақталған ақшаның ынталандырылмаған сомасы келесi жылы мемлекеттiң сыйлықақысын есептеу кезiнде ескеріледi.  

5. Мемлекеттiң сыйлықақысын төлеу үшiн қажет ақша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте жыл сайын көзделеді.  

6. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттiң сыйлықақысын есептеу мен төлеу қағидаларын бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекітеді.

Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.04.14. N 43, 2012.07.05. N 27-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 13 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 10-бап Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110