Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы
3-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесi



Ст. 3 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110



1. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктері, осы банктердің салымшылары және республикалық бюджеттен мемлекеттiң сыйлықақыларын төлеудi қамтамасыз ететiн мемлекет тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесiнің субъектiлерi болып табылады.  

2. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiне ғана салынып, жинақталады.  

3. Салымшы әрбір тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым бойынша бiрнеше шоттар ашуға құқылы. Бұл ретте, мемлекеттiң сыйлықақысы салымшының таңдауы бойынша бір тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі бiр шотқа ғана есептеледі.  

3-1. Шарттық соманың ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген бес жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс.  

4. Жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшерi шарттық соманың елу процентiнен кем болмауға тиiс.  

5. Салым бойынша сыйақы ставкасы мен заем бойынша сыйақы ставкасының мөлшерлері тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты жасасу кезiнде белгіленедi және шарт қолданылатын бүкiл мерзiмде тұрақты болып қалады.

Салымшы өз бастамасымен бір тарифтiк бағдарламадан басқа тарифтiк бағдарламаға өткен кезде салым бойынша сыйақы ставкасының мөлшері тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт қолданылатын бүкiл мерзімде тұрғын үй құрылысы жинақ банкі анықтаған талаптармен өзгертiлуi мүмкін.

Тұрғын үй заемы бойынша сыйақы ставкасының мөлшері тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салым бойынша сыйақы ставкасынан жылдық үш проценттен аспауға тиіс.  

6. Мемлекеттiң сыйлықақылары және тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақылары осы Заңға сәйкес салымның негiзгі сомасын ұлғайтуға бағытталады.  

7. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің шотына түскен мемлекеттiң сыйлықақылары салымшылардың - Қазақстан Республикасы азаматтары шоттарының есебiне жатқызылады.  

8. Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын салымшылар Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi іс-шараларды жүргізу мақсатында ғана пайдалана алады, бұл орайда жақсарту деп:  

1) тұрғын үй салу (жер учаскесiн сатып алуды қоса алғанда), сатып aлу, соның iшiнде жақсарту мақсатында оны айырбастау жолымен алу;  

2) тұрғын үйді жөндеу және жаңарту (құрылыс материалдарын сатып алуды, мердiгерлiк жұмыстарға ақы төлеуді қоса алғанда);  

3) тұрғын үй жағдайын жақсарту жөнiндегi iс-шараларға байланысты туындаған міндеттемелерді өтеу;  

4) банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна енгізу түсініледі.  

9. Салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға және салымды, оған тұрғын үй құрылысы жинақ банкi есептеген сыйақыны алуға құқылы. Бұл ретте салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта белгiленген талаптарға сәйкес салымды үш жылдан аса жинақтаған кезде мемлекеттiң сыйлықақысын алуға құқылы.

Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.04.14. N 43, өзгеріс енгізілді - 2007.07.02. N 272, 2012.07.05. N 27-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
  2-тарау. ТҰРҒЫН YЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖИНАҚ АҚШАСЫ ЖҮЙЕСIНIҢ
ЖҰМЫС IСТЕУIН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Статья 1 2 3 4 5 ...13 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 3-бап Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110