Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы
9-бап. Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдарын қамтамасыз ету



Ст. 9 Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110



1. Тұрғын үй, аралық тұрғын үй және алдын ала тұрғын үй заемдары жылжымайтын мүліктiң, оның iшiнде сатып алынатын тұрғын үйдiң кепiлдiгiмен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына және тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнiң ішкi кредиттiк саясатына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ банкi айқындаған міндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудiң басқа тәсiлдерiмен қамтамасыз етiледi.  

2. Егер жинақталған ақшаның ең төменгi қажеттi мөлшерi шарттық соманың елу процентiнен кем болса, тек қана жылжымайтын мүлiк немесе банктегі салым (депозит) тұрғын үй заемы бойынша қамтамасыз ету болып табылады.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.04.14. N 43, өзгеріс енгізілді - 2007.07.02. N 272 Заңдарымен.  
  3-тарау. ТҰРҒЫН YЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖИНАҚ АҚШАСЫ ЖYЙЕСIН
МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...13 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 9-бап Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110