Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
120-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу шарттарын бұзу



Ст. 120 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, өзге де зерттеулердi жариялау тәртiбiн бұзуы, атап айтқанда, сауалнама жүргізген ұйымды, сауалнамаға тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауалнама жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрақтардың нақты тұжырымын, сауал қойылғандардың санын және сауалнама нәтижелерінің қателік коэффицентін көрсетпеу –

жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсетіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, өзге де зерттеулердi дауыс беретін күнге дейінгі бес күн ішінде және дауыс беру күні жариялау, сондай-ақ сайлау болатын күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу –

жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...118 119 120 121 122 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 120-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V