Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
139-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу



Ст. 139 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау – 

жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған мүлік, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралдары мен заттары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...137 138 139 140 141 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 139-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V