Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
143-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу



Ст. 143 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Жануарлар дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ жануарлар дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы пайдаланылуына рұқсат алу талап етiлетiн жануарлар дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану – 

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн пайдалану құқығын заңсыз басқаға беру, сондай-ақ өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сол сияқты пайдаланылуына рұқсат алу талап етiлетiн өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану – 

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...141 142 143 144 145 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 143-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V