Ст. 156 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
156-бап. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын:
1) фильмге прокаттау куәлігінсіз Қазақстан Республикасының аумағында фильмдерді прокаттау және көпшiлiкке демонстрациялау;
2) көрермендерді фильм көрерменінің жас шегі (индексі) туралы белгiленген тәртіппен хабардар етпеу;
3) "Е 18" және "НА" индекстері бар фильмдерді кинозалдарда және осы мақсаттарға арналған өзге де орындарда және телеарналарда (шетелдік телеарналарды қоспағанда) прокаттау және көпшілікке демонстрациялау кезінде белгіленген уақытты сақтамау;
4) мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібін және шарттарын сақтамау;
5) ұлттық кітапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына басылымның міндетті тегін данасын бермеу түрінде жасалған бұзушылық –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 156-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 60-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
157-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Добавить комментарий к 156-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V