Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
161-бап. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлану кезiндегі құқыққа сыйымсыз әрекеттерi



Ст. 161 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Егер монополияға қарсы орган келісімінің болуы қажет болған жағдайда, нарық субъектiлерiнің мұндай келісімді алмастан экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектiлерiнiң экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешiмге негiз болған талаптар мен мiндеттемелердi орындамауы – 

жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Егер жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның болуы қажет болған жағдайда, монополияға қарсы органға мұндай хабарламаны ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау – 

жеке тұлғаларға – сексен, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...159 160 161 162 163 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 161-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V