Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 180 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
180-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша әкiмшiнiң бұзуы

1. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыру үшiн оңалту рәсiмiн қолдану және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарландыруды оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру тәртiбiн бұзу – 

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Оңалту жоспарының тиiмдiлiгi туралы қорытындыны сотқа жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу туралы борышкердiң өтiнiшiн бес жұмыс күнi iшiнде қарау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

ескерту жасауға әкеп соғады. 

6. Кредиторлардың талаптарын қарау және оларға қарау нәтижелерiн жеткiзу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

7. Кредиторлар жиналысының өтетін орны мен күнi туралы кредиторларға хабарлау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

8. Кредиторлар оңалту жоспарымен келiспеген және (немесе) "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде оңалту жоспары сотқа ұсынылмаған жағдайда, оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа өтiнiш беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

9. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың бiрiншi – сегiзiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) – 

бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

10. Осы баптың бесінші бөлiгінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – 

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 180-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...178 179 180 181 182 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 180-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V