Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 184 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
184-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу

1. Бағалаушының мүлікті бағалау туралы анық емес есеп жасауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында тыйым салынған жағдайларда мүлікті бағалауды жүзеге асыруы – 

бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 

бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...182 183 184 185 186 ...920

Перейти к статье






Добавить комментарий к 184-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V