Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
185-бап. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу



Ст. 185 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны қамтитын мәліметтерді, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн кәсiптiк немесе қызметтiк жұмысына байланысты өзiне белгілі болған тұлғаның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпелер.

1. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны құрайтын мәліметтерді не кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты меншiк иесiне немесе заңнамалық актiлерге сәйкес мұндай мәлiметтердi алу құқығы бар тұлғаларға олардың заңды талап етуі бойынша берген жағдайда, тұлға жауапты болмайды.

2. Осы бапта көзделген іс-әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.

Статья 1 ...183 184 185 186 187 ...920 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 185-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V