Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
193-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңнамасын бұзу



Ст. 193 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V



1. Сатып алушының өтiнуi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелері және талаптар қою тәртiбi туралы қажеттi ақпарат бермеу – 

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – екi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа сыйымсыз пайдалану –  

тауарлар тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – жетi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап әрекеттерді (әрекетсiздiкті) жасау – 

тауарлар тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Статья 1 ...191 192 193 194 195 ...920 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 193-бап Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V